16 сәуір 2021 18:09

Алматы облысында оқушылар қашықтан оқуға ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерғали Сыдымановтың кейбір шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерғали Сыдымановтың кейбір шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы бойынша, мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді.  

"Меншiктiң барлық нысанындағы орта бiлiм беру объектiлерiнiң оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды тоқтата тұру және оқытуды қашықтан (онлайн) режимге көшіру. Интернет байланысы жұмыс істемейтін немесе үзіліспен жұмыс істейтін шалғай елді мекендерде сыныптарды 25 адамнан аспайтын жинақпен, маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі", - делінген құжатта.

Одан бөлек, Алматы облысында республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат етілді. Алайда әр кабинетте 15 оқушыдан артық болмауы керек. Олар шахматтық тәртіпте отырғызылып, маска тағу режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Үй-жайларды ауаны зарарсыздандыруға арналған құралдармен жабдықтау ұсынылды.

Қаулы 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети