26 сәуір 2017 09:19

Алматы облысында педофилден аман калған 8 жастағы қыз ауруханадан шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ardkb.kz © ardkb.kz

Түргенде педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жастағы қыздың денсаулығы оңалды. Дәрігерлер оны үйіне шығармақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Түргенде педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жастағы қыздың денсаулығы оңалды. Дәрігерлер оны үйіне шығармақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Бізде нейрохирург қарады, невропатолог қарады, педиатр. Бәріміз консилиум құрдық. Міндетті түрде психолог күніге сол қызбен жұмыс істеп, психологиялық көмек берді. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ауруханадан шығарайын деп жатырмыз. Үйіне шыққаннан кейін өзі бақылауда болу керек. Невропатолог және психолог дәрігеріне қаралу керек", - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ролан Нұрбаев.

Кішкентай қыздың ауруханаға жеткізілгенде жағдайы тым ауыр болған. Басы жарақаттанып, миы шайқалған. Бұған қоса, қос жанарына да зақым келген. Телеарнаның мәліметінше, ақ халаттылар консилиум құрып, өскінді жіті тексерістен өткізіпті. Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 14 сәуірде Алматы облысына қарасты Түрген ауылында болған. 8 жастағы кішкентай қызға 32 жастағы ер адам шабуыл жасап, оны сайға апарып зорламақ болыпты. Абырой болғанда, бұл арам пиғылы жүзеге аспай қалды. Маңайдан өтіп бара жатқан 11-сынып оқушысы жасөспірім қызды педофилдің құрсауынан құтқарып қалған. Ал кейінірек 8 жастағы қыздың жағдайының сараптама қорытындысы белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети