16 қараша 2016 15:44

Алматы облысында сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдары видеода сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін, бұл видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Видеодағы кадрлардан әйелдің диванда отырып, сәбиді ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Онымен қоса, әйел оған "аузыңды жап" деп айғай салып, сәбидің бетінен ұруын қоймайды. Болжам бойынша, сәби 1-ге де толмаған.

Осы іс бойынша, 11 қарашада Алматы облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтың немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы") бойынша бастап кеткен", - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Осыған дейін, Баласын аяусыз ұрып-соққан әйелдің аты-жөні анықталды, - деп мәлімдеді ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

"Мен сіздерге қазіргі уақытта ештеңе айта алмаймын, себебі тергеу шаралары жүріп жатыр, ол ешқандай да афроамерикалық емес. Қорытындыларын кейінірек білетін боласыздар, шамамен біз оның кім екенін білеміз. Біз оны әзірше ұстаған жоқпыз", - деді ІІМ басшысы Қасымов Парламент Мәжілісінің үзілісінде журналистерге берген сұхбатында. 

Еске салайық, әлеуметтік желі қолданушылары бір әйелдің өз сәбиін аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны талқылаған болатын. Видеода әйел балаға "Жап аузыңды!" деп айғайлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети