28 шілде 2014 14:13

Алматы облысында сел жүруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 шілде күні жаңбырдың толассыз жаууына байланысты Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасқыны болуы, сел жүруі мүмкін. "Соған байланысты Алматы қаласының тұрғындарынан тиісті қауіпсіздік шараларын қолға алып, таулы өңірлерге серуендеуге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар.

Жамбыл облысында да ескерту жарияланып отыр. 28 шілде күні өңірде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, кей жерлерде жел екпіні 30 м/с болады. Облыс орталығы - Таразда күшті жел соғады. Мұндай дүлей желге Бофорттың 12 балдық шкаласы бойынша 8-9-деңгей беріліп отыр, мұндай дауыл ағаштарды сындырып, шатырларды ұшырады. Айта кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша, шілденің соңғы күндері жаңбырлы әрі салқын болады. Жоғары температура тек батыс аймақтарда ғана байқалады. Мұндай ауа райы Батыс Сібірден келген циклонның әсерінен қалыптасады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети