24 қазан 2015 17:56

Алматы облысының кәсіпорындары EXPO-2017 құрылысына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ © "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ

Алматы облысының тауар өндірушілері "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамымен құны 5 миллиард теңге болатын келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының тауар өндірушілері "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамымен құны 5 миллиард теңге болатын келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2015 жылы 23 қазан күні "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Ұлттық компания басшысы өңірдің әкімі Амандық Баталовпен кездесті. Облыстың әкімдігі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.

"Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз", - деді Ахметжан Есімов. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды.

"Өздеріңізге белгілі, Алматы облысының әлеуеті ауқымды. Осындай үлкен жобада біздің тауар өндірушілеріміздің қатысатындығына біз қуаныштымыз", - деді облыс әкімі Амандық Баталов. ЭКСПО бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті. Кездесу барысында ұлттық компанияның бас мердігерлері отандық тауар өндірушілермен 11 келісімшартқа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети