10 тамыз 2017 12:40

Алматы түбінде әуе апатына ұшыраған "Технам 2002" ұшағы жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасына сәйкес, бүгін Алматыдан 43 шақырым жерде "Технам 2002" ұшағы құлады. Tengrinews.kz тілшісі "Технам 2002" ұшағына қатысты мәліметтерді жинастырып көрді.

Компанияның сайтындағы ресми мәліметтерге қарағанда бұл ұшақтың бес түрі бар: P2002-JR, P2002JF, P2002 Sierra, P2002-Sierra RG және P2002 Sierra MkII. 

Ұшақтың максималды ұшу қашықтығы сағатына 230-250 шақырым. Ұшақтың бес түрі де сағатына 17 литр отын жұмсайды екен. Ұшақтың ұзындығы - 6,63 метр. P2002-JR ұшағы максималды 350 шақырымға дейін ұша алады.

Еске салайық, бүгін Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапты. 

Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған. 

Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети