18 қаңтар 2016 14:37

Алматыда №65 бағытындағы автобус жүргізушілері "Оңай" жүйесіне қарсы ереуілге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда №65 бағытындағы шамамен 10 автобустың жүргізушілері Абай даңғылының Манас пен Әуезов көшелерінің қиылысы аралығында екі бағытта тұрып алып, ереуілге шықты. Олар осылайша "Оңай" жүйесіне қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы транспорт холдингі" баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық ІІД бұл мәселені шешіп үлгерген. "Мұны ереуіл деуге болмайды. Бүгін №65 бағытындағы автобус жүргізушілерінің біріне айыппұл салынды. Жүргізушілер осыған наразылық танытқан", - деді баспасөз қызметі өкілдері. Олар жүргізушіге қолма-қол ақша алғаны үшін айыппұл салынғанын айтты. Айта кетейік, 11 қаңтардан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктерде билет құны тек электронды түрде төленеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтардан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктерде қалалық ІІД қызметкерлерімен бірге билетсіз жүргендерді анықтау үшін рейд жүргізіліп жатыр. Бірінші күннің өзінде 172 билетсіз жолаушыға әкімшілік айыппұл салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети