05 қыркүйек 2015 14:00

Алматыда АИ-92/93 бензинінің литрі 127-130 теңге аралығында сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News.mail.ru © News.mail.ru

Алматыдағы жанармай құю бекеттері бензинді жаңа бағамен сата бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баға 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні өзгерді. 6 қыркүйекте күннің алғашқы жартысында Алматыда АИ-92/93 маркалы бензин бағасы 127-130 теңге аралығында көтерілді.

Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Sinoil, Helios, RP, "Газпром" және Total жанармай құю бекеттеріндегі бензин бағасын бақылап қайтты. Олардың көбі, яғни Sinoil, "Газпром" және RP АИ-92/93 маркалы бензинді 128 теңгеден сатып жатыр.

Helios жанармай құю бекетінде АИ-92 бензинінің литрі - 129 теңге.

Ең арзан бензин Total-да болып шықты. Мұнда АИ-92 бензинінің литрі -127 теңге. Дегенмен бұл компанияның көп бекеттерінде жаңа баға ілініп үлгермеген. Қызметкерлердің айтуынша, олар үлгермей жатыр.

АИ-92 бензинін ең қымбат бағамен сатып жатқан - "ҚазМұнайГаз". Мұнда оның бағасы - 130 теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети