06 сәуір 2022 10:49

Алматыда әкімдік пен Президент резиденциясы маңынан шыққан түтін жұртты шошытты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматылықтарды қала әкімдігі мен Президент резиденциясы маңында байқалған түтін үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтарды қала әкімдігі мен Президент резиденциясы маңында байқалған түтін үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 6 сәуірде таңертең Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесі қиылысындағы саябақта түтін байқалған. Олар өрт шықты деп болжаған, бірақ сәлден соң түтін тараған. Алайда аймақта арнайы өрт сөндіру техникасы байқалмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт туралы дабыл "101" пультіне түспеген. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер аумаққа бармаған.

Кейін олар қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері екені белгілі болды. Бұған дейін департамент 5 сәуірден бастап Алматыда кенеге қарсы емдеудің бірінші кезеңі басталғанын хабарлаған болатын.

"Алматы қаласында 2022 жылғы 5 сәуірде орманды және қала саябақтарында, скверлерінде кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталады. Өңдеу жұмыстары 8 орман және 144 қала саябақтары, скверлерінде жүргізіледі және ауа райына байланысты кестеге сәйкес 2022 жылғы 5 сәуірден 5 мамырға дейін созылады", - делінген хабарлмада.

Мамыр-маусымда өңдеудің екінші кезеңі өтетіні атап өтілді. Бұл жақсы нәтижеге жету үшін жасалады.

"Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен "Алматы қаласының дезинфекция орталығы" филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін "Фаворит" акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатына жатқызылады (3-4 класс). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз саналады. Өңдеу жұмыстары таңертеңгілік сағаттарда жүргізіледі", - деді ведомство өкілдері.

Өңделетін аумақтар шекарасында ескерту хабарламалары бар тақталар орнаталады.  

"Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтау қажет:

  • акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
  • жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
  • өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
  • тұрғындар мен қонақтарға қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жүргізуде және одан кейін 3 күнде бармау керек", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети