ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2023 | 17:18
Алматыда Әл-Фараби даңғылы жартылай жөндеуге жабылады
Алматыда Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдары қиылысында көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдары қиылысында көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық мобильділік басқармасы мәліметінше, Әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылы қиылысында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында 19 шілде сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 07:00-ге дейін жұмыс жүргізіледі. Әл-Фараби даңғылының батысқа қарай бағытында бұрылыс жолында көлік қозғалысын толық жауып, асфаль-тбетон төсеу бойынша (Меңдіқұлов бульварынан Назарбаев көшесіне қарай), Назарбаев даңғылынан шығыс бағытта Әл-Фараби даңғылына дейін, Назарбаевтан солға Әл-Фарабиге (батыс бағытта) және Желтоқсан көшесінің бойымен Әл-Фарабиден солтүстік бағытта жүргізіледі.
"Меңдіқұлов бульвары, Сәтбаев көшесі, Батыс Желтоқсан көшесі, Сейфуллин даңғылы, Жолдасбеков көшелері бойынша тиісті айналма сызба орнатыла отырып, жабық учаскелерге байланысты айналма жол ұйымдастырылады.
Жолды жөндеу жұмыстарына жабу кезінде Назарбаев көшесі бойымен және "Әл-Фараби даңғылынан шығыс бағытта Назарбаев көшесіне шығатын жол бойында қозғалыс қалыпты режимде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также