12 желтоқсан 2014 15:49

Алматыда аумақты қардан тазартпаған 51 ПИК-ке айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда аула аумақтарын қардан тазартпаған пәтер иелері кооперативтеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. 


Алматыда аула аумақтарын қардан тазартпаған пәтер иелері кооперативтеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. 

Басқарма мамандары, аудан әкімдіктері, табиғатты қорғау полициясы және СЭС мамандарынан құралған жұмыс комиссиясы 10 желтоқсаннан бері аулаішілік аумақтардың тазартылуын тексерді. 10 желтоқсан күні тексеріс барысында аумақты қардан тазарту жөніндегі шараларды қолға алмаған 27 ПИК басшысына барлығы 301 876 теңге көлемінде айыппұл салынды. 11 желтоқсан күні тағы 24 ПИК басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - олар жалпы 279 652 теңге төлейтін болды. Сөйтіп, екі күн ішінде 51 ПИК басшысына барлығы 581 528 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Бұған дейін Алматыда аумақты қардан тазартпаған мекеме-кәсіпорындарға 200 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екені хабарланған болатын. Шенеуніктер мұндай талаптан соң кооператив төрағалары аула тазалаушылардың жалақысын көбейтеді деген үміт білдірді. 

Еске сала кетейік, Алматыда 7 желтоқсан күні сағат 06.00-ден 8 желтоқсан күнгі 00.45-ке дейін қар жауды. "Қазселденқорғау" ММ мамандарының мәліметінше, қардың биіктігі қала аумағында - Сәтпаев көшесінен солтүстік жақтағы аумақтарда 34 сантиметрге, орташа қыратты аумақтарда (Сәтпаев көшесінен Кәмен үстіртіне дейін) 41 сантиметрге жетті, таулы аудандарда ("Медеу" СК, "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені) 60 сантиметрден асты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети