09 ақпан 2023 09:42

Алматыда автобустардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты автобус қозғалысының кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.


Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты автобус қозғалысының кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

9 ақпанда сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін фильмнің түсіріліміне байланысты №22 және №80 маршрут сызбалары уақытша өзгертіледі.

№80 солтүстік бағытта: Манас көшесі - Шевченко көшесі - Әуезов көшесі - Гоголь көшесі - Байзақов көшесі әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта: Байзақов көшесі - Гоголь көшесі - Әуезов көшесі - Төле би көшесі - Байзақов көшесі әрі қарай схема бойынша.

№22 оңтүстік бағытта: Әуезов көшесі - Гоголь көшесі әрі қарай схема бойынша, кері бағытта: Гоголь көшесі - Әуезов көшесі әрі қарай схема бойынша.

Еске салайық, Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети