25 қараша 2020 09:18

Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өлімі: ПИК төрағасына айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің ісіне қатысты пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) төрағасы сотталып жатыр. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Наталья Полянская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің ісіне қатысты пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) төрағасы сотталып жатыр. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Наталья Полянская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наталья Полянскаяның сөзінше, тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының директорына өз міндетін атқармағаны үшін айып тағылған. 

"Іс бойынша 13 куәгер мен 27 эпизод бар. ПИК төрағасының өзі бұған кінәлі емес екенін, кондиционерді шатырдың астына орнатқан әйел кінәле екенін айтады. Қазір оған ешқайда кетпеу туралы тілхат жазылған", - дейді Полянская. 

ПИК төрағасын Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша сот жүріп жатыр. Одан бөлек, Наталья Полянская марқұмның басына түскен мұздың салмағы шамамен 200 келі болғанын айтады.  

"Наталья Шамузова - Алматыда көптен бері тұрып келе жатқан тұрғын, біраз жыл бойы педиатр болып қызмет еткен. Зейнетке шыққаннан кейін қыздарына немересін бағысып, көмектесуге кеткен. Алматыға қайғылы оқиға болардан бес күн бұрын келген. Сол күні ол денсаулық жағдайына байланысты медициналық орталыққа бара жатқан. Бұл жағдай балалары үшін ауыр болды. Оның алдында балалары әкесінен айырылып қалған болатын", - дейді Полянская. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 2018 жылдың 20 қарашасында болған. Оқиға астана уақыты бойынша шамамен 13:30-да Марков көшесінің  бойындағы кеңсенің алдында болған. Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Бостандық ауданынының 1958 жылғы тұрғыны болып шықты.

Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің кім екені мәлім болды

Артынша қалалық прокуратура өкілдері әйелдің өліміне қатысты істе күдікті пайда болғанын хабарлаған. 

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті анықталды. Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Іске қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - деген еді прокуратурадағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети