27 мамыр 2015 16:26

Алматыда бұршақ жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Денис Олейник © Денис Олейник

Алматыда жаңбыр араласқан бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мегаполисте ауа райы кенеттен бұзылды, бір сағаттың ішінде аспанды бұлт торлап, найзағай ойнады.


Алматыда жаңбыр араласқан бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мегаполисте ауа райы кенеттен бұзылды, бір сағаттың ішінде аспанды бұлт торлап, найзағай ойнады.

Алайда ауа райын болжаушылар жауын-шашынсыз болады деген еді. Ауа райы түстен кейін бұзылды. Әлеуметтік желіні қолданушылар суреттерді жариялады. Алғашқы хабарламалар қаланың оңтүстік-батысында тұратын қолданушылардан түсе бастады, олар жаңбыр араласқан бұршақтың жауғанын хабарлады. Бұл кезде қаланың шығыс бөлігінде құрғақ болатын.

Әмір Кеңесбаев/vk.com 

Бахтияр Қалиев/vk.com 

Денис Олейник

Алматылықтардың хабарламаларына қарағанда, бұршақ ұзақ жауған. Мұздың диаметрі 5 миллиметр шамасында.

© Денис Олейник

Алиса Каморская/vk.com

© Денис Олейник

Айта кетейік, "Қазгидромет" кәсіпорны мамыр айында Қазақстанда ауа райының тұрақсыз болатынын ескерткен болатын. Синоптиктердің мәліметінше, аптап ыстық өткішні, найзағайлы жауынмен араласып отырады. Мұның барлығы Батыс Сібірден елімізге келген циклонмен байланысты. Айта кетейік, метеорологтар елімізде бұршақтың жауатынын да ескерткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети