Алматыда Денис Тенге "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Денис Тенге "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылды © REUTERS

Алматыда өтіп жатқан қоғамдық кеңес отырысында қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге "Халық қаhарманы" атағын беруді ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтіп жатқан қоғамдық кеңес отырысында қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге "Халық қаhарманы" атағын беруді ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денис Тенге "Халық каhарманы" атағын беруді ұсынамын. Шын мәнінде, ол полицейлер істеуі тиіс әрекетті жасады - қылмыскерлерді ұстады. Ол өзін қорғады, әділдік үшін күресті, ереже бұзушыларды тоқтатуға тырысты. Сол себепті де қайтыс болды. Сондықтан оған бірінші кезекте қолдан келетіні - "Халық каhарманы" атағын беру", - деді алматылық тұрғын Әлнұр Ильяшев.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов та бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

"Бұл қылмыс бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Спорт кешеніне Денис Теннің есімін беру мәселесі де қарастырылып жатыр", - деді Рахман Алшанов.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети