27 маусым 2023 | 10:42

Алматыда дүңгіршектері бар жазғы кафені сүру жұмыстары басталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

Сот шешімімен Алматыда дүңгіршектері бар жазғы дәмхананы сүру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот шешімімен Алматыда дүңгіршектері бар жазғы дәмхананы сүру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төле би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында сауда павильондары бар кафе сот шешімімен бұзылады.

Реклама
Реклама

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі жаяу жүргіншілер жолын басып алып, мемлекеттік қордың жеріне жазғы кафе мен дүңгіршектерді заңсыз салған.

Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған.

Ұзаққа созылған сот тексерулерінен соң мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған құрылыстарды сүру және учаскені ортақ пайдалануға қайтару туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін нысандарды сүру және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын заңсыз нысандардан арылту басталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram