13 наурыз 2015 12:00

Алматыда "Еуразия" базары сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыда "Еуразия" базары сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Саудагерлер контейнерлер мен бутиктерді өз күштерімен босатып, бұзып, жақын маңдағы басқа базарларға көшіп жатыр.


Алматыда "Еуразия" базары сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Саудагерлер контейнерлер мен бутиктерді өз күштерімен босатып, бұзып, жақын маңдағы басқа базарларға көшіп жатыр.

Кәсіпкерлер бұл жолы да өздеріне базардың бұзылатыны ескертілмегенін айтып шағымданды. Саудагерлердің бірі Тоғжан Қалиеваның айтуынша, "Еуразия" базары 2015 жылдың мамырына дейін сүріледі деп ескертілген. Ол сауда орнын жалға алу ақысын саудагерлердің наурыз айының соңына дейін төлеп қойғанын айтты. Ал қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Сардар Әбдісадықовтың айтуынша, сот орындаушылары базардың сүрілетінін бірнеше рет хабарлаған. Оның мәліметінше, "Еуразия" базары мен оған іргелес "Саяхат" базарының ауданы - 40 сотық.

"Бәріңіз білесіздер, бұл базарларда бейберекет сауда жүргізілді, ол осы аудан тұрғындарына да, осы жерден өтетін жүргізушілерге де кедергі келтірді, базарлар кептеліс туғызды, қаланың бас жоспарына сай, біз бұл учаскені тәртіпке келтіруіміз керек. Бұл жерде көпдеңгейлі паркинг, қазіргі заманғы сауда орындары салынатын болады. Бүгін базар саудагерлері нысандарды бұзуға кірісті, жұмыс аяқталғаннан кейін сауда орны салынады", - деді Әбдісадықов. 

Айта кетейік, оқиға орнына Алматының құтқару қызметі келді, құқық қорғау органы өкілдері жоқ. Саудагерлер наразылық білдіріп, қарсылық көрсетіп жатқан жоқ. 

Еске салайық, Алматы әкімі Ахметжан Есімов халыққа есеп беруі кезінде 2015 жылы қалада 21 базар сүрілетінін айтқан еді. Олардың орнына жаңа сауда орындары тұрғызылады. Айта кету керек, бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті сотқа шағымданып, базарларда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайтынын, оларда қазіргі заманғы паркингтер жоқ екенін және базарлардың көбінің "қызыл сызықтан" асып кететінін айтқан. 2013 жылы Алматыдағы барахолка бірнеше рет өртенді. Ірі өрт сол жылдың қыркүйек айында болды - базардың 5400 шаршы метрі жанып кетті. Сот төтенше жағдайлар департаментінің базарларды сүру туралы талап арызын қанағаттандырды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети