24 сәуір 2023 | 12:24

Алматыда Грузиядан келген 24 адамнан тұратын алаяқтар тобы ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Грузияның 24 азаматынан тұратын алаяқтар тобы ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Грузияның 24 азаматынан тұратын алаяқтар тобы ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет-алаяқтардың колл-орталығын анықтады. Жүргізілген операция барысында Грузия Республикасының 24 азаматынан тұратын топ ұсталды", - деді Сүйінбай.

Сонымен қатар ол Астана қаласында киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері бірқатар интернет-алаяқтық жасаған Екібастұз қаласының тумасын ұстағанын айтты. Ол Instagram әлеуметтік желісінде төмен бағамен тон сату туралы хабарландыру жариялаған. Күдіктінің 26 қылмысқа қатысы анықталған. Келтірген жалпы шығыны - 4,2 миллион теңге.

Сондай-ақ Шымкенттік полицейлер де интернет-алаяқтық жасаған топты ұстаған. Олар Health Time фармацевтикалық компанияның клиенттік базасын ұрлап, олардың клиенттеріне қоңырау шалып, автокөлік ұтқаны туралы хабарлаған. Азаматтарға 1Х бет букмекерлік компаниясының шоттарына аударылған салықтарды төлеу ұсынылған. Қазіргі уақытта 20 жәбірленуші анықталған. Алаяқтардың басқа құрбандарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.16   534.99   5.18 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети