26 сәуір 2024 10:02

Алматыда жаңа жағалау пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа жағалау салынып жатыр. Қарғалы жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаңа жағалау салынып жатыр. Қарғалы жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Наурызбай ауданында 7,7 шақырымға созылып жатқан Қарғалы өзенінің жағалауы қайта жаңғыртылып жатыр.

Қарғалы жобасының мақсаты - бұл аймақтың экожүйесін сақтай отырып, қала тұрғындарының демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасау.

"Мұнда өзен арнасын тазартып, серуендеу аймағын құру жоспарланған. 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, көпжылдық гүлдер мен шөптердің гүлзары, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар егіледі. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жететін суармалы су құбыры тартылады.

Ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарық бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен қоқыс жәшігіне қою жоспарда бар", - делінген хабарламада.

"Жобаның маңызды бөлігі сол, балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары мен өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Әткеншек, сырғанақ және өрмелеу сияқты ашық ойын элементтері балалардың моторикасы мен физикалық белсенділігін арттырады. Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған орындықтары мен үстелдері бар демалыс аймағын құру жоспарланған".

Түрлі ерекшелігі бар балалар үшін де ойын алаңдарында инклюзивті элементтер қойылатындығын атап өткен жөн.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көпір жолын қайта құрып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіздік пен қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған.

Бұл жоба Қарғалы өзенінің жағалауын қала шетіндегі бірегей табиғи саябаққа айналдырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети