07 ақпан 2015 18:13

Алматыда жазушы Герольд Бельгер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Герольд Бельгер. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Герольд Бельгер. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстанның белгілі жазушысы Герольд Бельгер 80 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасына сілтеме жасап. 


Қазақстанның белгілі жазушысы Герольд Бельгер 80 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасына сілтеме жасап. 

"7 ақпан күні сағат 14.15-те Герольд Бельгер қайтыс болды", - деп хабарлады аурухана дәрігерлері. 

Жазушының 21 қаңтар күні инфаркттен соң аурухананың жансақтау бөліміне түскені бұған дейін хабарланған еді. Бельгердің жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған өкпені жасанды жолмен желдететін аппарат қолданылды. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығының нашарлығына қарамастан, жазушы көп жұмыс істеген. Оған бірнеше рет жүрекке қан айналысының қосымша жолын жасату ұсынылған, бірақ Бельгер операция жасатудан бас тартқан. Дәрігерлердің мәліметінше, Герольд Бельгер бірінші рет 1978 жылы инфарктке ұшыраған, одан кейін тағы бес инфарктті бастан өткерді. Бұған қоса, 1999 жылы жазушы инсульт алған. Сонымен бірге, ол сусамырмен ауырды. 

Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Саратов облысының Энгельс қаласында туған. 1941 жылы Еділ бойындағы этникалық неміс ретінде Қазақстанға, Солтүстік Қазақстан облысының қазақы ауылына депортацияланды. Қазақ тілін жетік меңгеріп өскен Бельгер Абай атындағы Қазақ педагогика институтының әдебиет факультетін тәмамдады. Жамбыл облысындағы орта мектептердің бірінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 

1971 жылы Қазақстан жазушылар одағына мүше болды. 1992 жылдан бастап неміс тіліндегі "Феникс" альманахында бас редактордың орынбасары болып қызмет етті. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Алматыдағы Неміс мәдени орталығын басқарды, Қазақстан немістері кеңесінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.

Герольд Бельгер - 53 кітаптың авторы. "Ауыл шетіндегі қарағай үй", "Даладағы шағалалар", "Алтын асу" және тағы да басқа шығармалары кең танылған. Ол сонымен бірге Майлин, Мүсірепов, Нұрпейісов шығармаларын орыс тіліне аударған. 100-ден астам кітаптың тете авторы болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети