03 тамыз 2016 12:57

Алматыда жоғалған Жұлдыз Ерманова табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалған Жұлдыз Ерманова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда жоғалған Жұлдыз Ерманова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біздің бөлімшеде 1998 жылғы Ж.С. Ерманованы іздестіру мақсатында құрылған жедел-іздестіру тобының жүргізген шараларының барысында оның қайда екендігі анықталды. Ол іздеп табылды және одан қазір жауап алынып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз үйінен өз қалауымен кетіп қалған. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Алмалы аудандық ІІБ басшысының міндетін атқарушы Рустам Әбдрахманов.

Еске салайық, 18 жастағы Жұлдыз Ерманова Алматыда 1 тамызда жоғалып кеткен еді. Қызды іздестіру туралы хабарландыру әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жария болды, оны құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети