01 наурыз 2016 12:09

Алматыда қатарынан төрт күнде ауа температурасы рекордық көрсеткішке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Алматыда ауа температурасы рекордтық көрсеткіште жылы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК Алматыдағы филиалының ауа райы болжамы бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова хабарлады. Сонымен қатар, 2016 жылдың 26 ақпанында бақыланған уақыттан бері ауа райы абсолют максимумынан асып түсті - 19 градус жылы.


2016 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Алматыда ауа температурасы рекордтық көрсеткіште жылы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК Алматыдағы филиалының ауа райы болжамы бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова хабарлады. Сонымен қатар, 2016 жылдың 26 ақпанында бақыланған уақыттан бері ауа райы абсолют максимумынан асып түсті - 19 градус жылы.

Мұндай температура 1979 жылдың 17 ақпанында тіркелген. Бірақ 26 ақпанда 21,9 градус жылылық тіркелген. Оған дейінгі максимум 17,7 градус еді, ол 1928 жылы тіркелген. 27 ақпанда ауа температурасы 18 градус жылы болды, сөйтіп, 1963 жылғы 16,5 градус жылылықтың рекордық бұзды. Осындай жағдай 28 ақпанда да болды. 2006 жылы осы күні 13,8 градус жылы болған еді. Биыл болса - 17,5 градус жылы. 1968 жылғы 29 ақпанда тарихи максимум 16,4 градус жылылық болып тіркелген. 2016 жылы 16,4 градус жылы болды. "Біз 26-39 ақпанда температуралардың максимумдарынан асып түстік және 1979 жылғы 26 ақпанда тіркелген 19 градустық абсолют максимумын да жаңарттық", - деді Аманқұлова. Ол алматылық метеостанцияның жұмыс істеп келе жатқанына 150 жылдан асқанын еске салды. Осындай бақылаулар 80 жылдан бері жүргізіліп келеді екен.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, айдағы ауаның орташа температурасы 1 градус жылы болады, бұл норма шамасында. Метеоқызметтің мәліметінше, алғашқы декадада Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. "Сонымен қатар, антициклонның келуімен түнде ауа температурасы солтүстік аудандарда 12-20 градусқа дейін, шығыста кей жерлерде 27 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірде 0-5 градус аяз болса, оңтүстік-шығыста 8-13 градусқа дейін күн суытады", - деді кәсіпорын қызметкерлері.

Синоптиктердің айтуынша, айдың соңында ауа райы қайтадан жылынады. "Айдың екінші жартысында күн жылынып, жауын-шашын мөлшері азаяды. Тұрғындар күннің жылынуын үшінші декадада ғана сезіне алады. Ол кезде солтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жылынса, оңтүстік өңірлерде 12-17 градус жылы болады", - деді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети