30 қараша 2017 13:36

Алматыда Кенесары хан, Тұманбай Молдағалиев және Қадыр Мырза Әлі көшелері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыда атауы өзгерген көшелерге арналған ролик пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматыда атауы өзгерген көшелерге арналған ролик пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы көшелеріне халық жазушылары Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі , Әзілхан Нұршайықов, ақын Жұмекен Нәжімеденов, Кенесары хан, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер, мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Талғат Бигелдинов пен басқа да танымал тұлғалардың есімдері берілді.

Осыған дейін Алматыда Шыңғыс Айтматов көшесі пайда болғаны хабарланған болатын.

Айта кетейк, Алматыда бұрындары бірін-бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгертіліп отыр. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында - 3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында - 6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында - 3, Райымбек батыр атында - 8, Наурызбай батыр атында - 4, Қарасай батыр атында - 8, Байтұрсынов атында - 4, С. Сейфуллин атында - 5, Ә. Молдағұлова атында - 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Еске салайық, бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети