13 мамыр 2015 13:21

Алматыда қираған көпір: Билік соғылып жатқан нысандардың бақылауын күшейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыдағы көпірдің қирағанынан кейін қала билігі соғылып жатқан нысандардың бақылауын күшейтетін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы автомомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренков хабарлады. Еске салайық, Алматыда көпір 24 сәуірде құлаған болатын.


Алматыдағы көпірдің қирағанынан кейін қала билігі соғылып жатқан нысандардың бақылауын күшейтетін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы автомомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренков хабарлады. Еске салайық, Алматыда көпір 24 сәуірде құлаған болатын.

"Болған төтенше жағдай бәрімізге сабақ болды. Біз құрылыс бойынша техникалық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдарды жинадық, оларға тағы да қауіпсіздік ережесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатаң бақылауға алуын талап еттік. Соғылып жатқан нысандардың бақылауы күшейді", - деп мәлімдеді Меренков. 

Ол қазіргі уақытта Алматы қаласында төрт нысанның (Сайын көшесі мен Рысқұлов даңғылында; Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолы маңында; Әуезов көшесі мен Райымбек даңғылының маңында, Сүйінбай даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында) салынып жатқанын еске салды. Барлық айналма жол мен көпірдің негізгі құрылыстың монтажы аяқталды. Барлық дайын нысандар сынақтан және қабылдап алу тексерісінен өтеді, сонымен қатар, құрылыс жағдайын үздіксіз бақылау жүргізіледі.

Мұнымен бірге, әңгімелесушінің айтуныша, Алматыда құлаған көпірдің бас салушысы "Базис" құрылыс компаниясы төтенше жағдайдан қаржылай шығынға ұшырады, бірақ нысанды өз есебінен соғып бітіреді. "Мемлекет үшін материалдық шығын жоқ. Біз мұндай жұмыс түрлері үшін ақша төлемейміз. Басқасы жайлы айту әзірше ерте. Оқиға орнында құзырлы комиссия жұмыс істеп жатыр, олар қажетті мамандарды тартты, қажетті есеп жүргізілді. Комиссияның қорытындысы осы аптаның соңында болады", - деп мәлімдеді Меренков. 

Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары 52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады. Кейін көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізіліп, оның онының ем қабылдап жатқаны хабарланды. Кейін "Базис" компаниясының қаза болған жұмысшының отбасына материалдық көмек көрсететіні белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети