03 қараша 2015 11:14

Алматыда мамандандырылған екінші ХҚКО-ның құрылысы кейінге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХҚКО. © Ярослав Радловский ХҚКО. © Ярослав Радловский

Жаңа бастамаларға жарияланған мораторийге байланысты Алматыдағы халыққа қызмет көрсететін екінші мамандандырылған орталықтың құрылысы 2018 жылға қалдырылды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға әкімдіктегілер жауап берді.


Жаңа бастамаларға жарияланған мораторийге байланысты Алматыдағы халыққа қызмет көрсететін екінші мамандандырылған орталықтың құрылысы 2018 жылға қалдырылды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға әкімдіктегілер жауап берді.

Ведомстводағылардың мәліметінше, құрылыс 4,1 миллиард теңгеге бағаланған. Оның 400 миллион теңгесі жер телімін алуға қарастырылған, 150 - жобалық-сметалық құжаттамаға және 3,55 - құрылысқа. Ол Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күрежолының қиылысына тұрғызылады. Жалпы аумағы - 10,6 гектар. 600 орынға арналған 5000 шаршы метрлік автотұрақ болады және оның ішінде 80 орын жүк көліктеріне арналады.

Еске сала кетейік, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов халыққа есеп беру кезінде екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын 2015 жылы ақпанда тұрғызуға сөз берген болатын. Ол Алатау ауданындағы орталықтың қызметі өзінің қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін атап өтті. Айтуынша, орталықтағы қызмет көрсетудің жылдамдығы соңғы кездері артқан, дегенмен барлық клиентке жалғыз орталық қызмет көрсетуге қауқарсыз.

2015 жылы 20 тамызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жобалар мен бастамаларға мораторий жариялады. "Бюджетіміздің табыс көлеміне байланысты жаңа жобаларға, жаңа бастамаларға жұмсалатын шығындар қатаң түрде шектеледі. Бұл қалыпты жағдай. (...) Күн сайын қол жайып, үкіметке бара берудің қажеті жоқ. Сондықтан кеңейтілуге, жалақыға, штаттарға, шенеуніктерге мораторий жариялаймын. Ең кемі 2016, 2017, 2018 жылдарға. Ал егер жағдай түзелсе және жағдаят басқа болса, онда әрине, қарастырамыз", - деді Президент. Ол республикалық бюджеттің дефицитінің 2018 жылға дейін 1 пайызға түсуі керектігін еске салды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети