09 желтоқсан 2016 11:03

Алматыда өтетін Универсиада алауының әнұраны бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада алауының әнұраны бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада алауының әнұраны бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнұран музыкасының авторы - танымал композитор, халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Еуразиялық мәдениет қорының президенті Ерулан Канапьянов. Ал әнұранның мәтінін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев жазған. Айта кетейік, бекітілген Универсиаданың әнұранын "Астана Опера" театрының жетекші солистері Майра Мұхамедқызы мен Медет Чотабаев орындады, Сондай-ақ, "Арт-Вокал" тобының мүшелері де әнді орындауға қатысты.

"Бізге әнұранды ойластырғанда Қазақстандағы тамаша қаламыз Алматыда осындай әлемдік деңгейдегі маңызды спорт жарыстарының өтіп жатқаны үлкен шабыт берді. Біздің қалаға келетін мындаған спортшы, спортсүйер қауым мен туристердің алматылықтардың қонақжайлылығын бағалап, тамаша табиғатымызға тамсанады деп сенемін. Өтейін деп жатқан Универсиада арқылы көптеген жастарды спортқа тарта аламыз деген үміт бар", - деді композитор Ерулан Канапьянов.

Сонымен қатар, әнұранды орындаған Майра Мұхамедқызы Instagram желісіндегі парақшасында: "Маған осындай тамаша туындыны орындауға ұсыныс түскен кезде, маған бірден ұнады. Ал егер ән саған ұнап тұрса, оны шын жүрекпен орындамау мүмкін емес".

Айта кетейік, Универсиада алауының әнұраны 2017 жылы 25 қаңтарда Назарбаев Университетінде орындалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети