23 маусым 2016 15:30

Алматыда пышақталған жолаушы мас болған - Автопарк өкілдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

№303 бағытындағы автобусқа иелік ететін "Қаскелең автобус паркі" ЖШС өкілдері кондуктор мен жолаушының арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


№303 бағытындағы автобусқа иелік ететін "Қаскелең автобус паркі" ЖШС өкілдері кондуктор мен жолаушының арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаскелең автобус паркі" ЖШС бас директоры Есбай Әшімбаевтың айтуынша, бұл жанжал екі мас жолаушының жол ақысын төлеуден бас тартып, кондукторға бас салғанынан туындады. Жолаушылардың бірі пышақты шығарып, кондуктарға тап берген. Сол кезде кондукторға көмектесу үшін жүргізуші шыққан. Содан автобус жүргізушісі жолаушының қолындағы пышақты алып қойып, жерге тастады. Нәтижесінде ол пышақ жолаушының аяғына тиген.

"Қазір тексеріс жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Егер автопарк қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, мен оларды жұмыстан шығарамын, ұстамаймын", - деді Әшімбаев. Сонымен қатар, Әшімбаев оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлерінің тексерісі барысында жолаушылардың мас екендігі расталғанын айтты.

Еске салайық, Facebook қолданушысы Shinar Alban өз парақшасында оқиғаның суреттерін жария еткен болатын. Facebook қолданушысы Shinar Alban өз парақшасында оқиғаның суреттерін жария етті. Оның айтуынша, оқиға 22 маусымда кешкі уақытта № 303 автобусында болған. "Қазіргі сəттегі жүрек түршігірлік оқиғаны түсіріп жазбасқа болмады. Арзан сауда орынын алдындағы сəтке куа болдым. 303 маршрутканын кондукторы жолаушының ақшам жоқ деген сөзіне бола пышақтап тастады. Онымен қоймай 6 бала жабылып тепкінін астына алды. Қасиетті рамазан айында бұндай нəрселерді көрем деп ойламаппын. Адамдар 80т үшін бір бірін қырып тастайтындай не болған. Не сұмдық? Қазақшылдығымыз, бауырмашылығымыз қайда кеткен?! Алла Өзін жара бола гөр!!!!", - деп жазды қолданушы.

ІІД өкілдері оқиғаны растап отыр. "Екі жолаушы мен кондуктордың арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде кондуктор жолаушылардың бірінің аяғына пышақ жарақатын салған. Жәбірленушіге жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында ем көрсетті, ол ауруханаға бармады. Бұл дерек "Денсаулыққа қасақана орта деңгейде зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді. Іс "Бұзақылық" бабына ауыстырылуы да мүмкін. Екі тараптан да қазіргі уақытта жауап алынып жатыр. Қазіргі уаытта кондукторға сотқа дейінгі тергеу кезеңіне бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети