29 шілде 2016 10:43

Алматыда Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда 24 жастағы Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қоштасу рәсімі "Қазақконцерт" ғимаратында өтуде.


Алматыда 24 жастағы Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қоштасу рәсімі "Қазақконцерт" ғимаратында өтуде.

Достары, жақындары, әріптестері және таныстары Сафардың туыстарына көңіл айтуға келді. Қоштасуға Шәкеев отбасының достары келді, олардың ішінде Болат Әбілов, Арман Шураев, Бауыржан Шүкеев, Виктория Момынбаева, Нағима Есқалиевалар бар. Сафарды Кеңсай мазарына жерлейді.

 

Сафар Шәкеев 1991 жылы 2 қыркүйекте Көкшетауда қазақстандық белгілі композитор Еркеш Шәкеев пен экономист Жібек Шәкееваның отбасында дүниеге келген. Сафар АҚШ-та қоюшы-режиссер оқуын оқыған. Елге оралған ол қысқаметраж роликтер түсірген, жарнама роликтерін және әкесінің "Люби меня" компазициясына бейнебаян түсірген.

28 шілде сағат 11.00 шамасында Сафар Шәкеевтің мәйіті Есентай өзенінен табылғаны хабарланған болатын. Мәйіттің кім екендігі бірден анықталған, себебі судан шығарған уақытта осыдан 14 күн бұрын жоғалған Сафар Шәкеевке тиесілі құжаттар, әмиян және кілттер табылды. Өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Шәкеевті іздестіру жұмыстары 12 күнге созылған. Іздеу жұмыстарына 200 адам қатысты. Есентай өзені, Бағанашыл және Ремизовка аумағы тексерілді. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети