03 желтоқсан 2020 07:22

Алматыда самсаның үстінде жүрген егеуқұйрық видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда самсаның үстінде жүрген егеуқұйрық видеоға түсірілді. Санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда самсаның үстінде жүрген егеуқұйрық видеоға түсірілді. Санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрда егеуқұйрық самса және тағы басқа пісірілген тағамның үстінде жүріп, соңында біреуін жеп жатқанын көруге болады. Ролик авторы егеуқұйрықтың ештеңеден қорықпайтынын атап өтті.

"Жігіттер, Саяхаттан самса алып жемеңдер: егеуқұйрық жүр. Ал біз осы самсаны жейміз", - деді ролик авторы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Саяхатты тексерді.

"Видеода көрсетілгендей егеуқұйрық жүрген "Донерная" дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы "Мерей" сауда орталығының территорисында орналасқан. Жұмысшылар дүңгіршек ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді", - деді Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети