20 шілде 2015 16:09

Алматыда "Сарыарқа" базарының бір бөлігі сүрілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматыдағы Алтынсарин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Сарыарқа" базары сүріліп, орнына заман талабына сай сауда орны бой көтереді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Қазір сәулетшілер оның жобасын әзірлеп жатыр.


Алматыдағы Алтынсарин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Сарыарқа" базары сүріліп, орнына заман талабына сай сауда орны бой көтереді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Қазір сәулетшілер оның жобасын әзірлеп жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, қала басшысының қаулысы шыққаннан кейін, мамандар сүру жұмысына кіріседі. Базар 1 гектар аумақты алып жатыр, ал оның 40 сотығы қызыл сызықта орналасыпты. Енді бұл жер мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін, оның орнына жаяу жүрушілер жолағы салынып, көлік жүретін жол кеңейеді.

"Базардың қалған аумағында иелері өздерінің ғимараттарын жаңғыртулары тиіс. Немесе оны бұзып, орнына жаңа базар салуы керек. Қазір аудан әкімдігі мен жер комиссиясының тарапынан қызметтер көрсетіліп жатыр", - деді Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу. Айта кетейік, Әуезов ауданында мұндай өзгертулер "Тигрохауд", "Арыстан" базарларына енгізіледі. Бүгінгі таңда сауда орындарының жетекшілеріне ескертулер айтылып, олардың нобайлары жасалып жатыр. 

Еске сала кетейік, жыл басында Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2015 жылы тағы 21 базардың сүрілетінін мәлімдеді. Биліктегілердің мәлімдеуінше, базарлардың орнына заманауи сауда орталықтары тұрғызылады. Айта кетейік, ТЖД өрт қауіпсіздігінің сақталмауына, көлік тұрағының болмауына және базарлардың "қызыл сызықтан" асып кетулеріне байланысты сотқа арыз түсірген болатын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети