07 ақпан 2023 17:23

Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады. Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан механикалық тазарту жүргізіліп жатыр.

"Бұрындары су қоймасының түбін тазарту жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған", - делінген хабарламада.

Механикалық тазарту жұмыстарын мамырдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

"Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы 162 мың шаршы метр болады. Ал, тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналысады. Биыл сәуірде осыған ұқсас тазарту жұмыстарын Әуежай және Қарасу өзендерінде де жүргізу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети