19 шілде 2016 15:45

Алматыда шабуыл жасаған адам бірінші кезекте судьяларды өлтіруді жоспарлаған - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шабуыл жасаған адам бірінші кезекте судьяларды өлтіруді жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтты.


Алматыда шабуыл жасаған адам бірінші кезекте судьяларды өлтіруді жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтты.

"Оған (Руслан Күлікбаев) ота жасалды, адвокаттардың қатысуымен жауап алынды. Ол құқық қорғау органдарының барлығынан кек алғысы келгенін, оның ішінде судьялардан, прокуратура жұмысшылары мен полицейлерден кек алғысы келгенін мәлімдеді. Сондықтан ол кеше Алмалы аудандық сотының ғимаратына келген, оның рюкзагы болған, онда қару жатқан. Сол жақта ол бірінші кезекте судьялар мен прокурорларды өлтірмек болған. 30-40 минуттай күткен ол Алмалы аудандық ІІБ-ге қарай бет алған - бұл сот ғимаратынан 200 метр қашықтықта болған. Осы жерде ол осы қылмыстарды жасаған. Жауап алу кезінде мәлімдеген сөзі осы. Ол полицейлерді қасақана өлтірген", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ басшысы.

Еске салайық, кеше Алматыда террористік акт болды. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Құлықбаев болып шықты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі арандатушылықтарға сенбеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Алматыға ұшып, шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Министр төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети