30 қараша 2017 11:54

Алматыда Шыңғыс Айтматов көшесі пайда болды: Тағы қандай көшелердің атауы ауысты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skyview.kz © skyview.kz

Алматыда тағы бірнеше көшеге көрнекті қайраткерлердің есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктің мәліметінше, бірін бірі қайталайтын 100 көшенің атауы өзгерді.


Алматыда тағы бірнеше көшеге көрнекті қайраткерлердің есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктің мәліметінше, бірін бірі қайталайтын 100 көшенің атауы өзгерді.

"Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында - 3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында - 3, Райымбек батыр атында - 8, Наурызбай батыр атында - 4, Қарасай батыр атында - 8, Байтұрсынов атында - 4, С. Сейфуллин атында - 5, Ә. Молдағұлова атында - 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Осыған байланысты Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған.

"Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының "әкесі" атанған Е.Редько және басқалардың есімдерін алған көшелер пайда болады", - деді қала әкімдігінің өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдіктегілердің айтуынша, бұл қалалықтарға еш жайсыздық тумайды. Мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерткен соң қажетті барлық анықтамаларды ЭЦП-ты пайдаланып электронды үкімет пор алынын немесе ХҚКО-нан бірнеше минут ішінде алуға болады.

 Еске салайық, бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети