23 желтоқсан 2015 15:04

Алматыда соққыға жығылған жедел-жәрдем қызметкері өмір бойына дәрігерлердің қарауында болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наркескен Сейсембаев. © vk.com Наркескен Сейсембаев. © vk.com

Алматыда соққыға жығылған жедел-жәрдем қызметкері өмір бойына дәрігерлерге қаралып тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №7 аурухананың хирургия жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Алмат Шормановқа сілтеме жасап.


Алматыда соққыға жығылған жедел-жәрдем қызметкері өмір бойына дәрігерлерге қаралып тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №7 аурухананың хирургия жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Алмат Шормановқа сілтеме жасап.

Ауруханаға түскеннен кейін бір ай бойынша дәрігердің жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оның бассүйек ми жарақатын алғаны және комаға түскені белгілі. Осыдан кейін дәрігер өкпеге жасанды дем беретін аппаратқа қосылды. 

"Бүгінде оның жағдайы орташа ауыр деңгейде. Ол есін жинады. Жарақаты ауыр деп есептеледі. Бірақ, меніңше, біз оны ауыр, коматоз жағдайынан шығара алдық. Көптеген ауыртпалықтардың алдын алдық. Әзірше науқас станционардан шығарылмайды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деуге болмайды. Қауіп әрқашан да болады. Денсаулығы жақсарып кетеді деп сенеміз. (...) Бірақ осындай жарақаты бар науқастар өмір бойына дәрігерлердің қарауында болады, себебі барлық ауыр бассүйек жарақатының салдары болуы мүмкін. Басы ауыруы мүмкін. (...) Бірақ оның ағзасы жас болғандықтан қалпына келеді деп сенеміз", - деді Шорманов. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханада тағы үш аптадай уақыт жатады. Бірақ оған ешқандай да материалдық көмек қажет етілмейді екен.  

Еске салайық, оқиға 26 қарашаға қараған түні Наурызбай ауданының жеке секторында болды. Қызмет көрсетуде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдап, олардың бірінің басына кірпішпен соққы жасаған. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Шабуылдаған ер адам ұсталды. Айта кетейік, оқиғадан кейін Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің төтенше жиыны өтті. Дәрігерлер болған оқиғаға байланысты наразылық танытып, шақыруларға шығуға қорқатынын мәлімдеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети