01 сәуір 2021 | 14:41

Алматыда тауық жұмыртқасына шекті баға белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда бірінші санаттағы жұмыртқаларға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бірінші санаттағы жұмыртқаларға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы 1 сәуірде күшіне енді.

"Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары "тауық жұмыртқасына (I санатты)" шекті қолжетімді бөлшек баға 30 күнтізбелік күн мерзімге он данасы үшін 487 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр. Бұл шара нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеуге бағытталып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында қарақұмық жармасы мен қантқа шекті баға белгілеу қалада өнімнің бір келісінің орташа құнын, сәйкесінше, 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгене дейін төмендетуге мүмкіндік бергені айтылды.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Бағалардың сақталуын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылайды. Ережебұзушылық бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети