22 желтоқсан 2022 09:55

Алматыда тегін мұзайдындар ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тегін мұзайдындары ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматыда тегін мұзайдындары ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұзайдыны ашылған:

  • Тұңғыш Президент саябағының алдында;
  • Республика Сарайының алдында;
  • Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл шағынауданында;
  • Шұғыла шағынауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Мұзайдындары тәулік бойы жұмыс істейді.

"Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйі алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұзайдындары ашылатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети