22 ақпан 2016 13:03

Алматыда трамвай апаттарынан кейін "Алматыэлектркөлік" ЖШС-ның алты лауазымды тұлғасы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда трамвайлардың қатысуымен болған жаппай жол-көлік оқиғаларынан кейін прокуратура "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысын тексеріп, бірнеше заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауабында айтылған.


Алматыда трамвайлардың қатысуымен болған жаппай жол-көлік оқиғаларынан кейін прокуратура "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысын тексеріп, бірнеше заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауабында айтылған.

"Жетісу көлік прокуратурасы мен Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жүргізген тексеру барысында "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік сатып алу, сәулет, құрылыс, көлік туралы және басқа да мәселелер жөніндегі заңнамаларын бұзғаны анықталды. Мемлекеттік кірістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы департаментінің материалдарына сәйкес, қызмет өкілін асыра пайдалану дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ведомство жауабында.

Прокуратура бақылауға алынған мемлекеттік органдарға қадағалау актісін енгізіп, трамвайларды пайдалануды тоқтатты. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша алты лауазымды тұлғаның, оның ішінде "Алматыэлектркөлік" басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, Алматыда 21 қыркүйекте трамвайдың қатысуымен ірі жол апаты болған еді. Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды. Бір бұрылыстың өзінде трамвай 14 көлікті сүйреп әкетті. Куігерлердің айтуынша, трамвай тізгінінде ешкім болмаға. Ол кезде бес адам жарақат алып, 17 автомобильге зақым келді. Бірнешеаптадан кейін осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы қаланың басқа жерінде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети