ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2022 | 18:21
Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қызметке Алматы циркінің бұрынғы басшысы Нұрбақыт Бөкебаев тағайындалды.
"Бүгін Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барып, жұмыс барысымен таныстым. Осы орайда Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлының осы мәдениет ошағының директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлаймын.
Осы уақытқа дейін театрды басқарып келген Қаратаев Таир Нұрланұлына театрды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіремін", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Нұрбақыт Бекбаев Алматы облысында дүниеге келген. 1987 жылы республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген, драма және кино актері (1991). Ол - 2007 жылы Қонаев атындағы университеттің заң факультетін бітірген, заңгер.
Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы (2000 жылдан); Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы (2005 жылдан); ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер басқармасының бастығы (2008 жылдан); Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары, Абай атындағы МАОБТ директорының орынбасары (2012 жылдан) лауазымдарын атқарған.
Айта кетейік, театрдың бұрынғы директоры Тайыр Қаратаев 2021 жылдың ақпанында осы қызметке тағайындалған еді. Ол сол кезде Ая Қалиеваның орнына келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также