20 қазан 2014 14:03

Алматыдағы ақылы автотұрақтар бюджетке 2,5 миллион пайда әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыдағы ақылы автотұрақтар бюджетке 2,5 миллион пайда әкелді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасының заңгері Арман Шатырбеков айтты. 


Алматыдағы ақылы автотұрақтар бюджетке 2,5 миллион пайда әкелді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасының заңгері Арман Шатырбеков айтты. 

Оның айтуынша, 4 ай ішінде - шілде мен қазан аралығында, яғни Алматыда ақылы автотұрақ ашылған кезден бастап 2 миллион 656 мың теңге жиналған. Сонымен қатар ол қалада тағы да ақылы тұрақ салуға тендер жарияланғанын мәлімдеді. Тендерді ұтып алған компания Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында 2015 жылдың ақпан-наурызына дейін 190 ақылы автотұрақ ашуы керек. 

Айта кетейік, қазір Алматыда 26 тұрақ жұмыс істейді. Бір сағатқа көлік қою құны - 100 теңге. Әдеттегі көлік тұрақтарында қызмет жасайтын адамдардың орнына енді арнайы тұрақ операторлары жүреді. Олар жасыл желетке киеді, берілген көшеге қызмет көрсететін компанияның телефон нөмірі мен өз аты-жөні жазылған бейдж тағады. Әзірше тұрақ құнын төлемеген адамға айыппұл салынбайды, бірақ Шатырбековтың айтуынша, қала әкімдігі Әкімшілік кодекске толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасалды. Кейін заңға бағынбайтын жүргізушіге 10 айлық есеп көрсеткіші (18 520 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Бұған дейін Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин 2014 жылдың соңына дейін шамамен 300 тұрақ ашылатынын мәлімдеген. Шенеунік Алматыда ақылы автотұрақтар ашылып, әдеткі көлік қоюшылардың алынып тасталатынын айтқан еді.  

Ақылы тұрақ Алматы тұрғындарының көп талқылайтын мәселесіне айналды. Көптеген көлік жүргізуші мұндай жаңалықтарға наразылық білдірді. Азаматтар тұрақ құнының қымбаттығы мен оны төлеу процесінің қиындай түскеніне шағымданды. Ақылы тұрақтардың жұмыс желісін және жұмыс істеп тұрған паркоматтардың мекенжайын мына жерден көре аласыздар. Қазақстанда 20 қазаннан бастап "Жол қозғалысы туралы" заңы күшіне енгенін айта кетейік. Тоқтау мен тұрақ белгісі жоқ жол мен көшелерде көлік қоюға және тоқтауға болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети