05 шілде 2014 12:06

Алматыдағы алғашқы түнгі велошеруге 4 мыңнан астам адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы түнгі велошеруді қала әкімі Ахметжан Есімов бастап берді. Фото ©Фархат Сеиітов

Подробнее: http://tengrinews.kz/strange_news/pervyiy-nochnoy-veloprobeg-v-almatyi-sobral-bolee-4-tyisyach-uch Алматыдағы түнгі велошеруді қала әкімі Ахметжан Есімов бастап берді. Фото ©Фархат Сеиітов Подробнее: http://tengrinews.kz/strange_news/pervyiy-nochnoy-veloprobeg-v-almatyi-sobral-bolee-4-tyisyach-uch

 Жұма, шілденің 4-і күні Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


 Жұма, шілденің 4-і күні Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана күні қарсаңында Алматыда түнгі велошеру ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Әл-Фараби даңғылы және Тәттімбет көшесімен жүріп өтіп, Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінде мәреге жетті. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, түнгі уақытта велотур өткізу Қазақстанда бұрын соңды болмаған. "Бұл ерекше event. Бізді 4 мыңға жуық велошабандоздар қолдады. Олардың арасында кәсіби велошабандоздар да, әуесқойлар, балалы отбасылар мен егде тартқан спорт сүйер қауым өкілдері де болды. Адам көп болғаннан кейін шара көңілді өтті", - деді Алматыдағы велошеруді ұйымдастырушылар.

Алматыдағы велошеруді қала әкімі Ахметжан Есімов бастап берді. Ол мәреге жеткен алғашқылардың қатарынан көрініп, шараға қатысушылар арасында жеңіске жеткендерді құттықтады. Ұйымдастырушылар бұл велошеруге қатысушылар жылдамдыққа емес, мейлінше әсемдікке, нақтырақ айтқанда шараға қатысушылар арасында киімі мен мінген велосипеді ешкімдікіні ұқсамайтын, көпшілікті таңқалдырып, көпшіліктің есінде қалып қоятындай етіп, жарқырап жүргендерді іріктеп алды. Сонымен "Ең жарқын қатысушы" аталымында Сергей Севастьянов жеңіп шықса, Вячеслав Прохоров велосипедінің пішінін өзгерткені үшін, ал Нұржан Сембеков Алматыда өткен велошеруде аса жоғары сыпайылық танытқаны үшін марапатталды. Вело шабандоздан бағалы сыйлықтар алды.

Атап өту керек, бұл бастаманы қала тұрғындары қуана қарсы алды. "Сен үшін автокөлік жолдарын жауып тастаған түнгі қала көшелерімен жүріп өткенде ерекше сезімге бөленеді екенсің. Қатысушылардың барлығы уақыттарын көңілді өткізді. Маған әсіресе көпірдің үстінде жанып-өшкен жарықшоулар қатты ұнады", - деді шараға қатысушы Полина Воробьева.

Велошеруге БАҚ өкілдері, оның ішінде Tengrinews.kz тілшілер де қатысты. Қазақстан бойынша алғаш рет өткен Алматыдағы велошеру концерттік бағдарламаға ұласып, Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінде жалғасты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети