20 шілде 2016 10:26

Алматыдағы арнайы операция: "Рахат" фабрикасы жұмыс істеп тұр, Көк базар жабық

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматыдағы арнайы операция нәтижесінде "Рахат" фабрикасы жұмыс істеп тұр, Көк базар жабық тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Алматыдағы арнайы операция нәтижесінде "Рахат" фабрикасы жұмыс істеп тұр, Көк базар жабық тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Құқық қорғау органдары Мақатаев пен Гоголь көшелерінің қиылысында сап түзеп тұр. Гоголь көшесінің Көк базар жағы да қоршауға алыныпты. Бұл аймақта көлік қозғалысы қиындады.

Кондитерлік фабрикадағылар кәсіпорын жұмысының штатты режимде жүріп жатқанын хабарлады. Көк базар әкімшілігіндегілер болса 30 минут бұрын барлық қақпаның жабылғанын айтты. Келушілер мен жұмысшылар базар ішінде қалып қойған.

Осыған дейін "Гоголь - Зенков - Мақатаев - Абдуллин көшелерінің шаршысында ішкі істер органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети