21 тамыз 2015 17:21

Алматыдағы жол апаты: Жан сақтау бөлімінде жатқан сәби палатаға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vdsi.ru © Vdsi.ru

Алматыдағы су таситын көліктің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен сәби жан сақтау бөлімінен нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаеваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, баланың жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер жағдайды жақсарту үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Сонымен қатар, ІІД қаза тапқан әйелдердің бірі сәбидің анасы екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 13 тамызда шамамен 10.40-та болды. Су таситын машина Грозы көшесімен келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай қалып, BMW маркалы автомобильмен соғысты. Бұдан кейін жүк көлігі бағанаға соғылып, жаяу жүргіншілердің жолындағы адамдарды қақты. Жол апатының салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақаттанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети