03 мамыр 2016 14:16

Алматының су астында қалған аудандарында апат-құтқару жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматының су астында қалған аудандарында апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдағы су басу салдарын жою жұмыстарымен коммуналдық қызметтердің айналысатыны хабарланды.


Алматының су астында қалған аудандарында апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдағы су басу салдарын жою жұмыстарымен коммуналдық қызметтердің айналысатыны хабарланды.

"Алатау және Жетісу аудандарында су басу салдарын жою жұмыстарына Алматы қаласының ТЖД, қалалық және аудандық атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс қызметі, жергілікті полиция қызметкерлері, ҚР ІІД Ұлттық ұланы мен Алматы гарнизонының әскери қызметі жұмылдырылған болатын. Осы екі ауданда су сору мен қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталды. Тұрмыстық қалдықтардан тек үйлерді емес, жертөлелерді және сол аймақтағы жолдарды тазарттық", - делінген жарияланған хабарламада.

Қазіргі уақытта арық тазартылып, он көпір жолында Қарғалы өзеңінің арнасы кеңейтілді. Сонымен қатар, су тарту арнасы қостырылды. Ол қаптан жасалған уақытша бөгетпен бекітілген.

Осыған дейін тазарту жұмыстарына 558 адам мен 56 техника жұмылдырылғаны туралы хабарланған болатын.
Еске салайық, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Қарғалы өзені арнасынан шығып, қаладағы ықшамаудандардың бірі су астында қалған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети