20 наурыз 2014 16:27

Алматының таулы өңірлерінде сел қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

Алматы облысының аласа таулы өңірлерінде сел жүруі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазгидромет" кәсіпорнының 20 наурыз күнгі ескертуіне қарағанда, 20-21 наурыз күндері күшті жаңбырдың салдарынан Алматы облысының аласа тауларындағы өзендерде сел жүру қаупі бар", - делінген хабарламада. Мамандар сонымен бірге 21-25 наурыз аралығында жылымық пен қар жабынының тұрақсыздығы салдарынан тауларда қар көшуі мүмкін екенін тағы бір ескертеді. "Соған байланысты тұрғындардан, Алматы қаласы қонақтары мен туристерден тиісті қауіпсіздік шараларын қолға алып, таулы өлкелерге серуендеуге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі болса, "Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметіне сүйеніп, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы өзендерде де су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети