06 желтоқсан 2017 11:52

"Алтын Орда" маңында уақытша айналма жол пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Алтын Орда" базарының маңында айналма жол пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Алтын Орда" базарының маңында айналма жол пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхан Ақылтаев үш жолақты айналма жолдың батыс бағытта пайда болатынын айтты.

"Алтын Орда" базарынан ары қарай батыс бағытта көпірдің маңында ені 15 метр болатын үш жолақты айналма жол салып жатырмыз. 2-3 күнде асфальттаймыз. Айналмалы жол ең көп дегенде бір аптадан соң пайда болады. Сондай-ақ, осыған байланысты Ақсай көпірін жартылай жауып тастаймыз. Алматыға барар жолды әзірше жаппаймыз. Бастапқыда жолдың бір жартысын, сосын барып екінші жартысын саламыз", - деп түсіндірді Нұрхан Ақылтаев.

"Алтын Орда" маңындағы жол жөндеуден кейін қандай болады: Жобаның 3D-визуализациясы.

Оның айтуынша, 6 желтоқсанға қараған түні Ақсай көпірінен өтетін су құбырларын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді. 

"Біз түнде су құбырында жұмыстар жүргіздік. Тасжолдың 17-ші шақырымында орналасқан су құбырларын қайта құрдық. Бірақ жолды жапқан жоқпыз. Басты жолда қозғалыс жүріп жатыр. (...) Траншея орнаттық, құбырды өткіздік, қозғалыстың қауіпсіз болуы үшін құбырдың үстін уақытша жауып қойдық. Жол таңертеңнен ашық", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.

"Алматы-Бішкек автожолының 16-20 шақырымындағы жолға қатысты жобаға елеулі өзгерістердің енгізілуіне байланысты бұл жоба екі кезеңге бөлінді. Нәтижесінде жоба қарастырылып, Алматы және Алматы облысы әкімгідінің профильді ведомстволары осыған қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жобаның нақты бағасын білу үшін және оған қатысты қорытынды шешім қабылдау үшін жобаны "Мемлекеттік сараптама" мекемесіне жолдадық. Сондықтан жобаны қарастыруға біраз уақыт кетеді", - деген еді осыған дейін ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети