18 ақпан 2015 16:53

Амантай қажы ҚР Президенті кезектен тыс сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға әзір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амантай қажы. ©homeclub.kz Амантай қажы. ©homeclub.kz

Амантай қажы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға дайын. Антиядролық фронт пен "Аттан, Қазақстан!" бейбітшілік қозғалысының 73 жастағы жетекшісі Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында сайлауға қатысу ниеті барын растады. 


Амантай қажы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға дайын. Антиядролық фронт пен "Аттан, Қазақстан!" бейбітшілік қозғалысының 73 жастағы жетекшісі Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында сайлауға қатысу ниеті барын растады. 

"Егер Аллаһ қолдаса, біз Президент сайлауына төртінші рет қатысатын боламыз. Оған Семей полигонын жабуға қол жеткізген біздің бүкілқазақстандық антиядролық қозғалыстың "Аттан, Қазақстан!" халықтық бейбітшілік маршының бағдарламасымен қатысамыз", - деді Амантай қажы. 

Еске сала кетейік, 2011 жылғы сайлауға Амантай қажы өзін-өзі ұсынып, Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген болатын. Бірақ ол үміткер ретінде тіркелмеді. Амантай қажы Орталық сайлау комиссиясы өткізген емтиханға келмей, ұялы телефонын өшіріп тастаған еді. Кейін ол отбасындағы қайғылы оқиғаға байланысты емтиханға қатыса алмағанын айтты. 2011 жылы сайлауалды кампаниясы барысында Амантай қажы бірнеше атышулы мәлімдеме жасады. Ол Президент сайлауында жеңіске жетсе, Қазақстанның тұрмысқа шықпаған қыздарының мәселесімен айналысатын ақсақалдар кеңесін құруға уәде берді. Ол өз мақсатын республика бюджеті есебінен іске асырғысы келетінін айтты. 

Амантай қажы - "Невада - Семей" қозғалысы ұйымдастырушыларының бірі. 2005 жылғы сайлауда ол Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелді. Ақпарат құралдарына берген сұхбаттарының бірінде ол өзін "мафиямен, сыбайлас жемқорлықпен және атом электр станцияларымен күресуші әлемдік көсем" деп атады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети