03 қаңтар 2017 09:45

Америкалық ұлының есімін Сафар Шәкеевтің құрметіне қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Композитор Еркеш Шәкеев Facebook желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.


Композитор Еркеш Шәкеев Facebook желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

"Жаңа жылдарыңызбен, құрметті достар! Қуанышты жаңалықты бөліскім келіп тұр: 22 желтоқсанда Америкадағы  Сими-Вэлли (Калифорния) қаласындағы Вагнер Хармонның отбасында - ұлым Сафардың студент кездердегі досының отбасында ұл дүниеге келді. Олар ұлының есімін өзінің досының құрметіне қойған - Ронан Сафар Хармон. Бұл біздің отбасымыз үшін қуанышты хабар болды. 26 жыл бұрын дәл осы күні біз әйелімізбен некелескен болатынбыз.

Вагнерды (Wagner Lane Harman) және оның отбасын құттықтай отырып, оларға алғыс айтамыз. Ұлымыздың қандай жарқын жігіт болғанын, ол аз өмір сүрсе де, біздің жүректерімізде мейірімді адам болып қала беретінін айтқым келеді. Сіздерге бақыт пен қуанышты күндерді көруді тілеймін!" - деп жазды музыкант. 

Сондай-ақ, Вагнер өзінің аккаунтында есімін Ронан Сафар Хармон деп қойған жаңа туған сәбидің суретін жариялады. "Сіздердің алдарыңызда Ронан Сафар Хармон. Барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін рақмет", - деп жазды америкалық жігіт суреттің сипаттамасына.

Еске сала кетейік, Сафар Шәкеев 2016 жылдың шілде айында 24 жасында қайтыс болған еді. Сафардың мәйіті 28 шілдеде шамамен 11.00-де Есентай өзенінен табылған болатын. Денені сүңгуірлер алып шықты. Сол кезде оның киімінде құжаттары да табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети