23 қаңтар 2015 12:22

Ан-2 апаты құрбандары ақтық сапарға аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Айсұлу Бұштаева ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды мен Қызылордада Ан-2 апаты құрбандарының жаназасы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні Жамбыл облысында болған әуе апатынан алты адам қаза тапқан еді. 


Қарағанды мен Қызылордада Ан-2 апаты құрбандарының жаназасы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні Жамбыл облысында болған әуе апатынан алты адам қаза тапқан еді. 

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар елді мекенінде "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас механигі Ербол Ыбыраев жерленеді. Осы кәсіпорынның бөлім басшысы Ұлбазар Есмағанбетовамен қоштасу Қызылордада өтіп жатыр. Қарағандыда "Қазақмыс" компаниясының техникалық даму департаментінің басшысы Ғабит Төлеубаев пен экипаж мүшелері - Ан-2 командирі Валерий Клюшев, пилот Виктор Савельев пен борт-механик Василий Литвиновтер жер қойнына тапсырылады. 

Марқұмдардың жаназасы Қарағандыдағы орталық мешітте және діни агенттікте шығарылды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мешітте марқұмдардың отбасына көңіл айтты. 

"Олимп Эйр" компаниясының директоры Владимир Круч Ан-2 экипажының жоғары білікті мамандар болғанын айтты. "Біз тәжірибелі, сауатты, білікті пилоттарымыздан айырылдық. Олардың қазасының орны толмайды. Олар көкке кетті", - деді Круч. Қоштасу рәсімініне марқұмдардың туыстары, жақындары, достары мен әріптестері келді. 

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімдігінің апат құрбандарының отбасына миллион теңгеден бөлгені хабарланған еді. "Қазақмыс" корпорациясы өзінің опат болған қызметкерлерінің отбасына олардың 10 жылдық жалақысы көлемінде материалдық көмек берді. 

 

Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ "Қазақмыс" компаниясының тапсырысы бойынша Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. Олар: "Қазақмыс" қызметкерлері Ғабит Төлеубаев, Ербол Ыбыраев, Ұлбазар Есмағанбетова және экипаж мүшелері: Валерий Клюшев, Виктор Савельев және Василий Литвинов. Апаттан жалғыз адам - "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Әсем Шаяхметова ғана тірі қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети