22 қаңтар 2015 10:34

Ан-2 апаты: Зардап шегуші Астанаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсем Шаяхметова. ©Tengrinews.kz Әсем Шаяхметова. ©Tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы әуе апатынан зардап шеккен қыз Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Республикалық санитарлық авиация орталығына сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы әуе апатынан зардап шеккен қыз Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Республикалық санитарлық авиация орталығына сілтеме жасап.

"Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас геологы Әсем Шаяхметова бүгін, 22 қаңтар күні сағат 05.00 шамасында Астана ауруханаларының біріне жеткізілген. Тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайы тұрақты болды. Республикалық санавиация өкілдерінің мәліметінше, қызға Жамбыл облысында операция жасалған, жағдайы тұрақтанғаннан кейін тасымалданған. 

Апаттан аман қалған қызға "сол жақ жамбасының және оң жіліншігінің ашық сынығы, бассүйек-ми жабық зақымы, мидың шайқалуы, бет терісінің сыдырылуы және 3 дәрежедегі зақымданудан есеңгіру" диагнозы қойылған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, оған екі операция жасалуы керек болды, сол үшін астаналық мамандар Шуға аттанған еді. 

 

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова ғана тірі қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети