17 ақпан 2022 09:59

Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігі қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

2020 жылы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети